Ұлыбритания «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады

16 Тамыз 2022, 21:15
874
Бөлісу:
Ұлыбритания  «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады

Препаратты «Модерна» компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі «Омикроннан» қорғайды. Сондай-ақ бұл препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады. 

Сынақ-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. 

Аталған екпені Британияда мақұлдау туралы шешімді үкімет жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық-ғылыми кеңес беруші мекеме мен дәрі-дәрмек жөніндегі комиссия бірлесіп қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы