Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 4 мыңнан астам адам төлем алды

8 Мамыр 2021, 13:06
2568
Бөлісу:
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 4 мыңнан астам адам төлем алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«1941-1945 жылдардағы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр күніне (Жеңіс күні) 4061 адам біржолғы ақшалай төлемдерін алды. Нақтырақ айтқанда:

- ҰОС ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (410 адам);

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауған соғысының ардагерлерін қоспағанда) - 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (705 адам);

- еңбек ардагерлері (тыл еңбеккерлері, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар) және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңымен (No 322-VІ ЗРК) қолданылатын басқа адамдар, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2921 адам).

Сонымен қатар мамандандырылған ауруханада білікті медициналық көмек, шипажайлық-курорттық емдеу, коммуналдық төлемдер үшін ақшалай өтемақы, мерзімді басылымдарға жазылуға әлеуметтік көмек, қоғамдық көліктерде жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу қызметтерді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге арналған бірқатар онлайн-іс-шара ұйымдастырылды. 

Атап айтқанда: Әскери-патриоттық жоба аясында ардагерлерді Ұлы Жеңіс үшін жасаған қаһармандық ерліктері үшін демеушілік қаражат есебінен тұрмыстық техника түріндегі естелік сыйлықтарды (100 мың теңгеге сертификаттар), азық-түлік себеттерін ұсынумен, қала әкімі, аудан әкімдері, «Nur Otan» фракциясы мәслихат депутаттарының құттықтауы, барлық тыл еңбеккеріне құттықтау жеделхаттарын жолдау, Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге орайластырылған әскери-патриоттық әндердің онлайн-байқауы, Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған монументалды кешені, «Отан қорғаушылар» мемориалы Кешеннің, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне онлайн экскурсия, «Жеңіс жолдары» мобильді іс-шарасы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жобасы аясында бейнеқұттықтау, «Жеңіс күні» балалар суреттердің қалалық онлайн байқауы, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған мектеп оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушылары және университеттер онлайн- жарыс, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» онлайн-концерті, елордада орналасқан ескерткіштерге гүл шоқтарын қою.

Өз кезегінде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері елорда басшылығына аға ұрпаққа деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.


Өзгелердің жаңалығы