Ұлттық жобаға қатысқан 259,4 мың адам жұмысқа орналасты

24 Тамыз 2022, 11:01
1120
Бөлісу:
Ұлттық жобаға қатысқан 259,4 мың адам жұмысқа орналасты

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 325,1 мың адам қатысты. 259,4 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 155,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 8,7 мың адам жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қоғамдық жұмыстармен 91,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 249 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,3 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 61,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. 

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.  

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.

Өзгелердің жаңалығы