Ұлттық жоба. Ауылдарда медицина қызметкерлерінің тапшылығы бар

22 Қараша 2022, 12:17
755
Бөлісу:
Ұлттық жоба. Ауылдарда медицина қызметкерлерінің тапшылығы бар

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Осылайша, 50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшерлік-акушерлік пункттер ашуға болады- деп атап өтті министр. 

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілген.

Белгілі болғандай 200-ден астам елді мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апаттық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдық медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50 пайыздан асады, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Айтуынша, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету де өзекті мәселеге айналған. 

Ұлттық жоба аясында кадрларға қосымша қажеттілік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары үшін 307 және көп бейінді аудандық орталық ауруханалар үшін 793 медицина қызметкерін құрайды. Әкімдіктермен бірлесіп бұл мәселе медицина кадрларын әлеуметтік қолдау және қайта даярлау шеңберінде шешілетін болады, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы