Ұлттық және мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қымбаттамайды

13 Шілде 2022, 16:00
1569
Бөлісу:
Ұлттық және мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қымбаттамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Ақылы оқудың бағасы – өте маңызды, көп адамдардың көкейінде жүрген мәселе. Бірнеше жоғары оқу орны, соның ішінде батыс өңірлерінің оқу ордалары бағаны көтерді. Біріншіден, бағаны қымбаттатқандар – жекеменшік жоғары оқу орындары. Екіншіден, бірнеше жыл бұрын оқу ақысын көтеруге мораторий жарияланған. Сол мораторийдың аяқталуын күтіп-күтіп, көтере бастады. Бірақ биыл біз бұл мәселені түсініп отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдай қиын. Геосаяси мәселелер, бағаның қымбаттауы бар. Сондықтан мемлекеттік, ұлттық жоғары оқу орындарында төлемақы көтерілмейді, - деді ведомство басшысы.  

Министрлік баға жайын үнемі бақылауда ұстаймыз деп отыр. 

Оны біздің министрлік бақылауда ұстайтынын нақты айта алам. Бірнеше жекеменшік университеттер оқу ақысын қымбаттатты. Бірақ мемлекеттік ұлттық университеттерде биыл бағаны көтермейміз. Былтырғы деңгеймен қалады, - деп атап өтті Саясат Нұрбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін елімізде ЖОО құжат қабылдау басталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы