Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр

13 Шілде 2022, 15:37
1474
Бөлісу:
Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің бүкіл өңірлерінде жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталды. 

Түлектерді қабылдау комиссиясының дайындығын кешенді тексеру барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне арнайы ат басын бұрды.

Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр

Жаңадан құрылған ведомствоның жаңа басшысы комиссия жұмысымен танысты. 

Астанадағы білім ордасында адам қарасы көп. Қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдау кезеіңнде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейміз деп отыр. 

Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр

Қабылдау басталған бірінші күні дәл қазіргі сағатта 4273 талапкердің құжат қабылданғаны белгілі болды. 

Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр

Бұл 5%-ға жуық құжаттар қабылданғанын білдіреді. Осы аптада 100 мыңдай құжат түседі деп күтілуде. Ал тек ЕҰУ-дың өзінде айналасы 3-4 сағаттың ішінде 206 құжат қабылданғанын көріп тұрмыз. 200-дей адам кезектерін күтіп тұр, - деді Саясат Нұрбек түлектерді кешенді қабылдау комиссиясының жұмысын тексеруден соң берген сұхбатында.

Сондай-ақ министр бос қалған гранттармен не істейтінін айтты. 

Тамыздың соңы-қыркүйектің басында гранттардың бір бөлігі, бірнеше пайызы бос қалуы мүмкін. Оларды министрлік дәстүрлі түрде ЖОО немесе ауылдық квотасы барларға бөліп береді. Сонымен қатар биыл батыс өңірлеріне 10 мың арнайы грант бөлініп отыр. Олар екі өңір: Атырау мен Маңғыстау. Мұны біз жеке бақылауда ұстаймыз, - деп түсіндірді ведомство басшысы.  

Еске сала кетейік, жоғары оқу орнына түсу үшін биыл өту балы 50-ден кем болмауы тиіс. Ал білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының ұпайларына сәйкес конкурстық негізде беріледі. 

Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр
Өзгелердің жаңалығы