Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Абай облысына барды

15 Маусым 2023, 09:00
880
Бөлісу:
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Абай облысына барды
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстанның Абай облысында болған орман өрттеріне байланысты Ұлттық ұланның жүзге жуық жауынгері қоғамдық тәртіпті сақтау және тонаудың алдын алу үшін өрт аймағына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс - шаралар ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ қолбасшысы Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановпен келісе отырып қабылданды.

Эвакуацияланған Половинка, Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің жүзге жуық ұландықтары мен сегіз техникасы бөлінді. Әскери қызметшілер қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және тонауға жол бермеу үшін екі ауысымда қызмет етеді. Олар сондай-ақ өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді, - делінген Ұлттық ұланының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жергілікті жерлерде қызмет Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің басшылығымен ұйымдастырылды. Қызмет орман өрттерінің жағдайы бақылауда болғанша жалғасады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы