Ұлттық ұланда Жолдауды түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде

3 Қыркүйек 2022, 17:59
1605
Бөлісу:
Ұлттық ұланда Жолдауды түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында  Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сейітов жұмыс тобының қатысуымен бөлімнің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне арналған ақпараттандыру сағаттарының негізгі ережелерін түсіндірді. Ақпарат сағатына "Аманат" партиясының өкілдері, Қарағанды облысы бойынша қалалық мәслихаттың депутаты Ж.Камалиева, Қарағанды облысы бойынша әйелдер қауымдастығының төрайымы А. Қиясова, Қазақстан халқы Ассамблеясының дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрайымы М. Башай қатысты.

1 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға өзінің негізгі бағдарламаларын жеткізіп, Жолдаудың ережелерін түсіндіру бойынша әскери қызметшілерге ел дамуының жаңа кезеңдерін атап өтті.

Құқықтық тәртіп әскері — Ұлттық ұлан жауынгерлері еліміздің конституциялық құрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жеткізген идеяны асыру жолында берілген міндеттерді толық орындайды, - деді подполковник Арман Сейітов өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы