Ұлттық ұланда 55 оқушы «Жас бүркіттің» қатарына қосылды

30 Сәуір 2022, 19:21
2189
Бөлісу:
Ұлттық ұланда 55 оқушы «Жас бүркіттің» қатарына қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ұлттық ұланда «Ашық есік күні» өтіп, 55 оқушы «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының қатарына қосылды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға № 69 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағының орталық және астаналық кеңестерінің еңбек ұжымдары мен олардың балалары шақырылды. 

Іс-шара патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жастардың өз еңбегімен қызмет етуге және елінің мүдделерін қорғауға дайындығын қалыптастыруды мақсат тұтқан. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында әскери қызметтің маңызы мен жауапкершілігін насихаттап отыр. 

Жиын барысында 5573 әскери бөлімі мен Нұр-Сұлтан қаласының №69 мектеп-гимназиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес, оқушылар «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының мүшелері атанды. 

Өзгелердің жаңалығы