Ұлттық ұлан өкілдері жаппай тәртіпсіздіктерді жоюға қатысуын жалғастырады – Айдарбаев

25 Ақпан 2022, 11:36
1485
Бөлісу:
Ұлттық ұлан өкілдері жаппай тәртіпсіздіктерді жоюға қатысуын жалғастырады – Айдарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте әскердегі заңсыз жағдайлар туралы айтты.

Өкінішке қарай, әскери қызметшілер арасында ондай жағдайлар болып жатыр. Оқиғалар бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады. Әскери бөлімдерде әскери тәртіптің сақталуы басты назарда. Гарнизондарда ол бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция жұмыс істейді. Лауазымды адамдар бағынысты жеке құрам арасындағы әскер тәртіпке дербес жауап береді, - деді ол. 

Жүсіпов атап өткендей, кейбір әскери құрылымдарға ерекше мақсаттар қойылады. 

Ұлттық ұлан өкілі, полковник Фархат Айдарбаев ұлан қызметіне ішкі істер органдарымен бірігіп, қоғамдық тәртіп пен жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу, лаңкестікке қарсы күрес, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеу  кіретінін айтты. 

Ұлттық ұлан заңға сәйкес көрсетілген барлық шараға қатысады. Конституцияға сәйкес, олардың басты борышы - Отанды қорғау, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы