Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

6 Наурыз 2022, 10:09
3046
Бөлісу:
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысының бұйрығымен подполковник Ерболат Сұлтанов баспасөз қызметінің басшысы, ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы-Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Қалқан" газеті мен "Бүркіт" журналы редакциясының бас редакторы болып тағайындалды.

Сұлтанов Ерболат Мирсаидұлы 1977 жылы 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы қаласындағы Алматы халықаралық журналистика институтын халықаралық журналист-парсы тілінің аудармашысы мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы бір ай бойы Иран Ислам Республикасында журналистік қызмет бойынша тағылымдамадан өтті. 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Бөкей ордасы аудандық "Орда жұлдызы"газетінде корректор болып жұмыс істеді.

Жиырма жылдан астам әскери қызметі үшін лейтенанттан подполковникке дейін ол тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының тілші-ұйымдастырушы лауазымынан Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қызметінің (баспасөз қызметінің) бастығына дейін қызмет етті.
Ал, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы лауазымын атқарды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында подполковник Ерболат Сұлтанов Республикалық құқықтық, қоғамдық-саяси "На страже" газетінің "Мен-журналист және жазушымын" шығармашылық байқауында 2-дәрежелі диплом иегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы