Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ - Мемлекет басшысы

1 Қыркүйек 2022, 11:20
1366
Бөлісу:
Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ - Мемлекет басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс. «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді, - деді Президент.  

Президенттің мәлімдеуінше, мемлекет шағын және орта бизнесті барынша дамытады.

Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы омбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жолдаудағы бірінші бағдар: жаңа экномикалық саясат.

Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз.Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл макроэкномикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру. Сондай-ақ шағын және орта бизнеспен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екені сөзсіз, - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

Өзгелердің жаңалығы