Ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырды – министр

20 Наурыз 2024, 11:00
332
Бөлісу:
Ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырды – министр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Көктем лебімен бірге келетін халқымыздың ізгі дәстүрлерін айшықтайтын Наурыз мерекесі құтты болсын! Игіліктер бастауы болған Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңаша атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мейрамның идеясы мен құндылығы артып, «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітілді. Бүгін біз Сіздермен алғаш рет 20 наурыз - Ұлттық спорт күнін атап өтудеміз, - деді Ермек Маржықпаев.

Бұл күні барлық өңірде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өткізіледі.

 Ат (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту) өткізу жалпыға ортақ мерекені сезініп, төл дәстүрімізді жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр, - деп жазды министр. 

Өзгелердің жаңалығы