Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында аударыспақтан (ат үстіндегі күрес) Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған әлем біріншілігіне Ресей Федерациясынан екі құрама, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Татарстан, Ноғай, Дағыстан, Башқұртстан командалары қатысты.
Ат үстіндегі күрес өнерін спорт ретінде дамытып жатқан елдерден келген 100-ге жуық спортшылардың арасынан Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс олжалады.
Аударыспақтан 6 салмақ дәрежесі бойынша ел намысын Сырым Ізбасаров, Арман Сағымбаев, Рамазан Ғалелов, Нұржігіт Әмзеев, Шыңғысхан Ержанов, Ермек Құралбай сынды балуандар қорғады.