Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қорға салық төлеу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Қаржы министрі Мәди Төкешовке Ұлттық қорға салық төлеу мәселесі бойынша сұрақ қойды.
Ол еліміздегі мұнай компанияларының шамамен 60-70 пайызы ғана Ұлттық қорға табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану үшін тікелей салық төлейтінін айтты.
Сондай-ақ 2024 жылы Ұлттық қорға салық төлеуші компаниялардың саны 8,5 есеге азайып, 2024-тен 24-ке түскенін, бұл жағдай жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында көрсетілгенін жеткізді. Осы себепті Ұлттық қорға 166 миллиард теңге түспегенін атап өтті.
Сабильянов бұл Үкімет тарапынан республикалық бюджетке қаражат бөлу рәсімін айналып өтуге бағытталған жаңа тәсіл деп есептейді.
Неге ұлттық ресурстарды пайдаланатын компаниялар Ұлттық қорға салық төлемейді? Не себептен салық төлеуші компаниялардың саны қысқарған? – деп сұрақ қойды Сабильянов.
Қаржы министрі Мәди Төкешов жауап ретінде 2020 жылдан бері мұнай саласындағы компаниялардың Ұлттық қорға салық төлеу саны өсіп келе жатқанын мәлімдеді.
2020 жылы бұл көрсеткіш 155 компания болса, қазіргі таңда 211 компанияға жеткен. Былтыр 204 компания болса, олардың ішінде 24 компания салықтың 97 пайызын төлейді, - деп түсіндірді.
Министр жалпы салық төлейтін компаниялардың саны ұлғайғанын атап өтті.