Ұлттық қордан бюджетке трансфертті арттыру жоспарлануда

30 Наурыз 2022, 11:11
1435
Бөлісу:
Ұлттық қордан бюджетке трансфертті арттыру жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экономика министрлігі  Ұлттық қорынан трансферт мөлшерін ұлғайтуды көздейтін заң жобасын әзірледі.

Қазақстан Республикасы заңының жобасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022–2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына 2022 жылы кепілдендірілген трансферт сомасын түзету бөлігінде өзгеріс енгізіледі.

Республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 3 046 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады, - делінген құжатта.

Бұған дейін 2022 жылға арналған трансферт мөлшері 2 400 млрд теңге көлемінде бекітілген болатын.

Жалпы заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы талқылау үшін 12 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы