Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

14 Қараша 2024, 16:07
270
Бөлісу:
Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық музейде танымал британдық мүсінші Юнус Сафардиярдың «Екінші өрлеу» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанаға арнайы көрме үшін Лондоннан 2 тонна экспонат жеткізілген. Оның ішінде металл инсталляциялар мен мүсіндер, кенеп суреттер, бейнепаннолар бар.

Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

Менің шығармашылығым — әлемнің шексіз трансформациясының көрінісі. Көрермен ескі формалардың жойылғанын, жаңа формалардың пайда болып, тіпті ерекше дүниеге ұласып жатқанын көрсе деймін, — дейді көрме авторы.

Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

Юнус Сафардияр — Корольдік көркемсурет академиясының мүшесі. Оның көрмелері мен туындыларының аукциондары 1986 жылдан бері өткізіліп келеді. Мүсіншінің шығармалары Нью-Йорк, Лондон, Флорида, Санкт-Петербург және басқа да қалалардағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Бірнеше жұмысы ең көне аукциондардың бірі Sotheby’s-те сатылып, ал «Ояну» атты мүсіні Лондондағы әйгілі Regent’s Park-ке көрік беріп тұр.

Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

Ұлттық музейде көрмені 3,5 мыңнан астам адам тамашалаған. Экспозиция музейдің 5-қабатындағы көрме залында ұсынылған. Көрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы