Ұлттық кеңес мүшелері министрлермен кездесті

24 Тамыз 2020, 15:25
1280
Бөлісу:
Ұлттық кеңес мүшелері министрлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңес мүшелерінің министрлермен кездесулері жалғасуда. Бұл туралы Президент көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін кеңес мүшелері Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматта талқылау өткізді. Алдымен Мағзұм Маратұлы министрліктің ағымдағы жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндап берді. Содан соң Ұлттық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті, - деді ол. 

Атап айтқанда, Арман Қашқынбеков, Гүльмира Илеуова, Талғат Қалиев, Асхат Садырбай, Мұрат Әбенов, Ерлан Саиров, Рахым Ошақбаев, Рауан Кенжеханұлы, Қанат Сахария өз сұрақтарында экотуризмді дамыту, елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бойынша, кен орындарының дұрыс игерілуі, министрліктің қоғаммен байланысы туралы өз ұсыныстарын жеткізді. 

Кейбір өзекті тақырып бойынша министр мен кеңес мүшелері арасында өткір дискуссия да болды.

Өзгелердің жаңалығы