Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына 90 жыл

13 Мамыр 2022, 13:56
2694
Бөлісу:
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына 90 жыл
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Туберкулез ауруын емдеу бағытында құрылған орталыққа биыл күзде 90 жыл толады. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева 90 жылдық мерейтойды атап өтуге дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында халықаралық конференция ұйымдастырылып, 90 жыл бойы атқарылған істер мен туберкулез ауруын емдеу әдісі қалай өзгергені, қандай дәрілер қолданылғаны кеңінен баяндалмақ.

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына 90 жыл

Ғылыми орталықтың қазіргі басты мақсаты – облыстарға әдістемеліктерді ұйымдастыруда қолұшын созу. Орталықтың мамандары туберкулезге қарсы барлық нормативтік құқықтық құжаттарды дайындайды. Яғни туберкулезді қалай анықтау керек, қалай емдеу керек, қалай алдын алу керектігі жөнінде. Одан бөлек бізде 350 төсек орын қарастырылған, оған республиканың әр түкпірінен жергілікті жерде лайықты көмек ала алмағандар келіп қаралады. Сондай-ақ өкпеден тыс туберкулезбен ауыратындар бізге келіп ем ала алады,-деді ол.

Сонымен қатар ол туберкулез бойынша жұмыстардың барлығын аталған ғылыми орталық басқарып отыратынын жеткізді.  

Біз тікелей ҚР Денсаулық сақтау министрліңгіне қараймыз. Туберкулезге қатысты қандайда бір мәселе туындаса алдымен біздің орталыққа келіп түседі, кейін біз ол бойынша тапсырма беріп, үйлестіріп отырамыз. Орталық ғылыми болғандықтан мұнда қосымша зерттеулер жүргізіліп тұрады. Мәселен, әлемде туберкулезді емдеудің жаңа әдісі, жаңа дәрілер шығатын болса ол алдымен біздің орталықта сынақтан өтеді. Егер оның тиімділігі, қажеттілігі дәлелденсе ол ары қарай республика бойынша қолданысқа енеді,-деді Панагүл Жазықбаева.
 

Өзгелердің жаңалығы