Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдары талқыланды

30 Мамыр 2023, 14:12
981
Бөлісу:
Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдары талқыланды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшылары «Ұлттық біліктілік жүйесі» тақырыбында семинар өткізді, оның барысында осы жүйені дамыту үшін пайдаланылатын негізгі құралдар талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семинарға Еңбекмині, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары, сондай-ақ барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының 400-ден астам өкілдері қатысты.

Диалог барысында «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасының негізгі новеллалары таныстырылды, ұлттық және салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және оның құрылымы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, қатысушылар Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы мен Career Enbek ҰБЖ цифрлық платформасының жұмыс принциптерімен таныстырылды, ол ҰБЖ барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылы, еңбек нарығындағы мансапты дамыту жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізу және кәсіптерді сипаттау үшін әзірленуде.

Өзгелердің жаңалығы