Ұлттық банктің төрағасы тағайындалды

4 Қыркүйек 2023, 17:03
768
Бөлісу:
Ұлттық банктің төрағасы тағайындалды
Фото: Ақорда

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған.

Білімі:

2000 ж. – Павлодар мемлекеттік университетінің «әлеуметтік ая мен салалардағы экономика және менеджмент» және «құқықтану» мамандығын бітірген.

2002 ж. – Р. Смит Мерилендск университетінің (АҚШ) бизнес мектебінің қаржы мамандығы бойынша бизнес магистры дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

2002-2006 жж. – «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында салықтар департаментінің маманы, кеңесшісі, аға кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2006 жылы «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті дайындау департаментіне ауысқан. Кейін бөлім басшысы, одан кейін салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаменті директоры болды.

2009 жылдың наурызы мен 2010 жылдың наурызында – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. Бюджеттің кірістілік бөлігін болжау және салық саясаты, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы саясат, кәсіпкерлік қызметті, халықаралық қатынасты дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

2010 жылдың наурызы мен 2012 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі. Вице-министр қызметін атқарғанда халықаралық қатынастар, оның ішінде халықаралық экономикалық бірігуді реттеу, ішкі сауда мен сыртқы сауда қызметін дамыту және реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2009-2012 жж – Бүкіләлемдік банктің Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары және ЕДҚБ –ның Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары.

2012 жылдың ақпаны-2012 жылдың желтоқсаны – Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі. Осы қызметте ЕЭК міндеттерін кәсіпкерлік қызмет және инвестициялар, қаржылық нарықтар, валюта саясаты, банк саласы, құнды қағаздар нарығы, сақтандыру, сырттан әкелінетін заттарға кедендік бажды аудару мен бөлу, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қорғау, еңбек көші-қоны және салық саясаты салаларында іске асыруға атсалысты.

2016 жылдың 28 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.

2019 жылдың 2 наурызынан бастап – Қазақстан Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 22 наурызынан – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 22 шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2020 жылдың 1 қаңтарынан - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 1 қыркүйекте ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекеттік наградалары: медальдары: «Ерен енбегi үшiн», Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» I дәрежелі медалі, В. И. Вернадскийдің РАЕН ордені (Ресей), Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның бірқатар қоғамдық және ведомстволық марапаттары.

Өзгелердің жаңалығы