Ұлттық банк инфляцияның тағы бірнеше пайызға өсетінін айтты

12 Желтоқсан 2022, 11:46
1809
Бөлісу:
Ұлттық банк инфляцияның тағы бірнеше пайызға өсетінін айтты

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Геосаяси өзгерістердің орын алуына байланысты Қазақстанда инфляция қарқын алды. Биыл қараша айында жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. 24,1%-ға дейін жеделдеген азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға үлкен үлес қосып отыр. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 18,6%-ға жетті, ақылы қызмет көрсету бағасы 14,1%-ға өсті, – деді Пірматов.

Оның атап өтуінше, инфляцияның республикалық деңгейден жоғары өсуі Маңғыстау облысында, Астана қаласында, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарында тіркелді.

Инфляцияның өсуі сыртқы инфляциялық қысымның артуы тауарларды логистикалық жеткізу жолдарын қайта құру, рекордтық инфляциялық күтулер, сұранысты фискалдық ынталандыру және кредиттеудің ұлғаюы аясында жалғасуда. Жылдың соңына дейін инфляция 20-21%-ға дейін көтеріліп, 2023 жылдың 1-тоқсанында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде, – деді Ұлттық банк басшысы.

Өзгелердің жаңалығы