Ұлттық банк инфляцияның өсуі АҚШ-тың әсерінен деп пайымдады

12 Желтоқсан 2022, 11:40
933
Бөлісу:
Ұлттық банк инфляцияның өсуі АҚШ-тың әсерінен деп пайымдады

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылғы ел экономикасы мен қаржы секторы бұрын-соңды болмаған өзгерістер мен аса жоғары белгісіздік жағдайында дамыды. Энергия, азық-түлік пен шикізат тауарларының әлемдік бағасының айтарлықтай өсуімен қатар тауар жеткізу жолдарының бұзылуы инфляциялық процестерді күшейте түсті, - деді Ғалымжан Пірматов.

Оның сөзінше, инфляциялық қысымның өсуі әлемдегі орталық банктердің ақша-кредит талаптарының тез әрі синхронды түрде қатаңдауын туындатқан.

АҚШ федералдық резервтік жүйесінің мөлшерлемені агрессивті түрде көтеруі дамушы елдердің валюталарына қысым жасап, доллардың соңғы 20 жылдағы ең жоғары деңгейге нығаюына алып келді, - деді Ұлттық банк басшысы.

Өзгелердің жаңалығы