Ұлттық банк басшысы автонесие туралы: Шын мұқтаждарға ғана берілсін

30 Маусым 2023, 10:47
502
Бөлісу:
Ұлттық банк басшысы автонесие туралы: Шын мұқтаждарға ғана берілсін
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жақында жабылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, көмекті нағыз мұқтаж адамға беру қажет.

Өз басым біз мемлекет ретінде біріншіден, кімнің мемлекеттің көмегіне мұқтаж екендігін айқындап алуымыз қажет деп санаймын. Осылайша, атаулы көмек көрсетілуі керек. Ал нақты мақсаты жоқ бағдарламаларды дұрыс емес деп есептеймін. Мемлекет көмекті мұқтаж адамға көрсеткені дұрыс. Бұл қанша дегенмен бюджеттік мемлекеттік ақша. Оны мұқтаж еместерге бермеген жөн, - деді Ұлттық банк төрағасы қос палатаның бірлескен отырысынан соң Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты. Кейіннен 4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтатылу себебі белгілі болды. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов елдің бәрі бірдей көлік сатып ала алмайды ғой деп ақталды. Бұдан бөлек елде автонесиелеуден басқа да қажеттіліктер бар екенін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы