Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында 4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтатылу мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасына үміт артқаны белгілі. Олардың ашуынан қорықпайсыздар ма?" деп сұрады БАҚ өкілдері вице-министрден.
Мен түсінемін. "Претензия" болуы мүмкін. Бұл (4%-дық автонесие бағдарламасы – ред.) көлік алатын жалғыз бағдарлама емес... Біз өз міндетімізді орындап жатырмыз... Бізде 9,2 млн жолаушы автобусты пайдаланады. Бұл сұранысты да қанағанттандыру керек қой. Елдің бәрі көлік сатып ала алмайды ғой. Бұл мәселе бұрыннан туындаған. Бізге автопаркті жаңарту керек. Түсінесіз бе?, - деп жауап берді Ілияс Омаров.
Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты. Кейіннен 4%-дық автонесие бағдарламасының тоқтатылу себебі белгілі болды.