Қазақстан Ұлттық банкі 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау кестесін бекітті. Келесі жылы бұл мәселеге қатысты сегіз шешім қабылданады. Оның төртеуі болжамдық раундтардың қорытындысы негізінде әзірленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық банк мәліметінше, базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер Астана уақытымен аптаның соңғы жұмыс күнінде сағат 12:00-де жарияланады. Олар келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
• 22 қаңтар;
• 12 наурыз;
• 23 сәуір;
• 11 маусым;
• 23 шілде;
• 10 қыркүйек;
• 22 қазан;
• 10 желтоқсан.
Еске сала кетейік, 23 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендеткен болатын.