Ұлттық архивте Корея делегаттарымен кездесу өтті

11 Шілде 2023, 21:28
1052
Бөлісу:
Ұлттық архивте Корея делегаттарымен кездесу өтті
Фото: Ұлттық архив

ҚР Ұлттық архивінде Архив істері бойынша екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Корея Республикасының делегаттарымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге Корея тарапынан Корея Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Азиялық мәдени орталығы директорының м.а. Джонгран Ли, Корея Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Азиялық мәдени орталығының эксперті Инук Кан қатысты. 

Кездесу барысында ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова екі ел арасындағы архив ісін дамыту туралы баяндама жасап, бірқатар маңызды мәселелерді айта келе Ұлттық архивтегі негізгі атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Ұлттық архивте Корея делегаттарымен кездесу өтті

Кореяның бай құжаттық мұрасы бар екенін жақсы білеміз. Сіздер тарих пен архивке ерекше назар аударасыздар. 21 ғасырда Корея Республикасы электрондық архивтер мен электрондық құжат айналымы саласында көшбасшылардың бірі болып табылатыны кездейсоқ емес. Сіздер құжаттарды басқару саласында озық стандарттарды белсенді әзірлеп, енгізудесіздер, – деп атап өтті Сағила Нұрланова.

Ұлттық архивте Корея делегаттарымен кездесу өтті

Инук Кан мырза «Жазба деректерін зерттеу және сақтау маңызды екенін» алға тартты. Жалпы кездесу барысында екі жақты тараптар әріптестік қарым-қатынастары аясында оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өту негізінде еліміздің архив ісін дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатыны айтылды.

Кездесу соңында ҚР Ұлттық архивінің бейне ролигі көрсетілді, архив қоймасына шағын экскурсия ұйымдастырылып, келген қонақтар қоныс аударудан кейінгі Қазақстандағы корейлердің алғашқы жылдардағы өмірі туралы және елорда тарихына арналған «Шаһар шежіресі» атты көрмені тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы