Ұлттық академиялық кітапханасында "Жазға - кітаппен" акциясы өтті

13 Маусым 2024, 18:59
233
Бөлісу:
Ұлттық академиялық кітапханасында "Жазға - кітаппен" акциясы өтті
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық академиялық кітапханасында балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту, балалар әдебиетін насихаттау, интеллектуалды-танымдық ой-өрісін дамытуға бағытталған "Жазға - кітаппен" акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияға қатысқан 50 жас оқырман Есболат Айдабосын мен Асхат Өмірбаевтың кітаптарын оқып, шығармалардың желісі бойынша пікір алмасты.

Ұлттық академиялық кітапханасында "Жазға - кітаппен" акциясы өтті

Кітапхана қызметкерлері балаларға отандық және әлем әдебиеттері, классика, комикс пен фантастика жанрлары мен ертегі кітаптары жайлы айтып берді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Зира Наурызбаева, Серікбол Хасан, Зәуре Төреханова, Ұларбек Нұрғалымұлының шығармаларына жас оқырманның қызығушылығы артқан.

Ұлттық академиялық кітапханасында "Жазға - кітаппен" акциясы өтті

Сондай-ақ фантастикалық және шытырман оқиғалы шығармалар, әлем әдебиеттері мен комикстер де үлкен сұранысқа ие. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықты арттыра отырып, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал ету үшін, балалар әдебиетіне баса назар аударады.

Ұлттық академиялық кітапханасында "Жазға - кітаппен" акциясы өтті

2023 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3000 данадан тұратын 14 автордың кітабы жарық көріп, еліміздегі кітапханаларға таратылды.

Өзгелердің жаңалығы