Ұлттық жоба Үкімет пен меморган деңгейінде мемлекеттік аппараттың қызметін реттейді

19 Қазан 2021, 16:28
3544
Бөлісу:
Ұлттық жоба Үкімет пен меморган деңгейінде мемлекеттік аппараттың қызметін реттейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҰЭМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф хабарлады. 

Оның айтуынша, жобалық басқарудың нормативтік және құқықтық базасы бекітілген.

Сондай-ақ ол жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары мен мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік тәртіптемесін қамтитын болады.

Аталған құжаттар мемлекеттік басқару, яғни Үкімет, мемлекеттік органдар мен жобалық командалар деңгейінде портфельдерді, бағдарламалар мен жобаларды басқару бойынша мемлекеттік аппараттың қызметін реттейді. Әр ұлттық жоба бойынша Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлік деңгейінде ұлттық жоба жетекшілерінің кураторлары анықталған. Бүгінде мемлекеттік органдар сәйкес сала мен аймақтарға ұлттық жобаның әр көрсеткішін бөлшектеп байланыстыру бойынша жұмыстар істеліп жатыр, - деп атап өтті Илона Шварцкопф.

Сонымен қатар сала, аймақ, аудан, ауылдық округтегі әр декомпозицияланған көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті жобалар пулы анықталыпты.

Бүкіл жобалық қызмет ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады. Бұл әр міндеттің орындалуына бақылау жүргізіп қана қоймай, әр жоба бойынша ақшалай қаражаттың шығынына шұғыл мониторинг жүргізу үшін қажет. Сондай-ақ жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаттарында жобаны іске асыру барысын мониторингілеуге арналған қоғамдық топтарды қалыптастыру қарастырылады, - деді департамент директоры.

Еске сала кетейік, бұған дейін Экономика министрлігі азаматтарды Ұлттық жобаларға атсалысуға шақырғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы