Ұлттық ұланның елордалық құрамасы жас сарбаздармен толықты

26 Мамыр 2021, 17:47
1239
Бөлісу:
Ұлттық ұланның елордалық құрамасы жас сарбаздармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне Тараз қаласынан 28 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге келді, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызмет

Жас шақырушылар елордалық құрама аумағына кірген сәтте Ұлттық ұлан Үлгілі-көрсетімді оркестрі мен аға буын сарбаздары оларды салтанатты маршпен қарсы алды. Құрама командирі полковник Нұрлан Мұхамедов жас шақырылымның алғашқы тобымен танысып, құттықтау сөзін арнады.

Құрметті шақырушылар! Сіздер азаматтық борыштарыңызды атқару үшін тарихы телегей әскери бөлімге келіп отырсыздар. Біздің құрамаға еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан қаласының тыныштығын қамтамасыз ету сеніп тапсырылған. Алдағы уақытта Сіздер сенімге селкеу түсірмей, азаматтық борыштарыңды абыроймен атқаруларыңызды тілеймін, - деді құрама командирі.
Әрі қарай оқу пунктінің бастығы полковник Бауыржан Кенжебаев әскерге шақырушыларды монша кешеніне апарды. Онда олар жуынып, кейін жаңа әскери киім алып, роталарға орналастырылды. Топ бастығы майор Әлімжан Тасмағамбетов жастармен сұхбат өткізді. Тәлімгер офицер Ұлттық ұланның атқаратын қызметі мен міндеті, жедел құраманың тарихы және жетістіктерімен таныстырды.

Айту керек, жас шақырушылар алдағы уақытта жас жауынгерлер курсынан өтіп, Әскери ант қабылдайды. Тек содан кейін ғана құқық қорғау органдарымен бірге елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы