Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісі Қазақстан чемпионы атанды

5 Сәуір 2021, 22:14
1923
Бөлісу:
Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісі Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучье қаласында 1-5 сәуір аралығында ерлер және әйелдер арасында жекпе-жектен әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтті, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Спорттық додаға еліміздің барлық күштік құрылымдарынан ең үздік спортшылар жиналды, олардың қатарында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де бар.

Аталмыш турнир Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына үміткерлерді таңдау, әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде жекпе-жектің танымалдылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін шыңдау және күштік құрылымдардағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін нығайтуды мақсат тұтты.  

Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісі Қазақстан чемпионы атанды

Турнир нәтижесінде құқықтық тәртіп әскері спортшыларының қоржыны 5 алтын, 1 күміс және 3 қола, жалпы 9 медальмен толықты.

Іріктеу турнирі кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 5570 әскери бөлімінің 3 әскери қызметшісі үздіктер қатарынан көрінді: 60 келіге дейінгі салмақта капитан Айкен Төлегенов, 70 келіге дейінгі салмақта – капитан Батырхан Әшірбеков, 85 келіге дейінгі салмақта – аға лейтенант Медет Сәметаев өз санаттары бойынша І орынды иеленді.

Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісі Қазақстан чемпионы атанды

Мерейі үстем болған жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құттықтап, алдағы жауапты додада да жеңіс тұғырынан көрінуді тіледі.

Сонымен қатар 65 келіге дейінгі салмақта қатардағы Мансұр Мінболатов (3502 әскери бөлімі, Степногорск кенті) пен 85 келіге дейінгі салмақта капитан Ерік Шәріпов (5572 әскери бөлімі, Алматы қаласы) қола медальдарға ие болды.

Суық қарудан, тапаншадан және автоматтан қорғану бойынша 80 келіге дейінгі салмақта аға лейтенант Ерболат Дүйсенбеков (5451 әскери бөлімі, Қарағанды қаласы) пен 85 келіге дейінгі салмақта – капитан Ерік Шәріпов (5572 әскери бөлімі, Алматы қаласы) алтын медальдан тағынды. Осы спорт түрінен 95 келіге дейінгі салмақта күміс медаль Арман Ахашевқа (6506 әскери бөлімі, Шымкент қаласы), ал қола – сержант Исатай Макарамовқа (Әскери институт, Петропавлов қаласы) бұйырды.

Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісі Қазақстан чемпионы атанды

Бірінші орын иеленген бес әскери қызметші Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына енгізіліп, 2021 жылдың 4-8 маусымы аралығында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өтетін жекпе-жектен Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады

.
Өзгелердің жаңалығы