Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды

29 Қаңтар 2021, 22:17
3638
Бөлісу:
Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімі өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Қалыптасқан жағдайға байланысты іс-шараны кең көлемде өткізуге мүмкіндік болмады.

Дегенмен бір топ әскери мерейтойға орай лайықты марапаттарына ие болды.

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды

Көп жылдар бойы әскери бөлімнің қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерді шақырып, арнайы құттықтауға жағдай болмаса да, әскери бөлім командирі подполковник Дмитрий Бастер өзінің бейне құттықтауын жасап, ардагерлерге мессенджердер арқылы жолдай алды. Өз кезегінде аға буын өкілдері де қарап қалған жоқ. Мүмкіндігінше, өздерінің бейне құттықтауларын жазып, жеке құрамға жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Мерекеге орай Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен әскери бөлім командирінің бұйрығы жарық көріп, оған сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген 150-ден аса әскерилер мен ардагерлер алғыс хат, грамота және кеуде белгілерімен марапатталды. Әскери бөлімнің 60 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы мен Байқоңыр ауданы әкімдерінің де арнайы бұйрықтары шығып, бір топ әскерилерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды

Әскери бөлім құтықтық тәртіп әскеріндегі ең байырғы әскери құрылымдардың бірі болып табылады. Оның тарихы 1961 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы 20 қаңтарда Тың өлкесінің құрылуына байланысты Қазақ КСР Ішкі істер министрінің № 016 бұйрығымен Қазақ КСР ІІМ ішкі күзетінің 246 отряды құрылып, оған 6636 нөмірі берілді.

Оның құрамына Петропавл, Қостанай, Павлодар, Атбасар, Жолымбет, Целиноград қалаларында және Вишневка, Құшмұрын, Алексеевка елді мекендерінде орналасқан 10 команда мен 2 жекелеген топ енгізілді.

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне 60 жыл толды

Әскери бөлімнің алғашқы командирі болып майор Стефан Завгородний тағайындалды. Бөлімнің құрылған күнінен бастап оның жеке құрамы түзеу колонияларының сенімді күзетін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді орындады. Сондай-ақ, автомобиль және теміржол бағыттары бойынша сотталғандардың айдауылдауын жүзеге асырды.

1998 жылы 11-маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери бөлімге жауынгерлік даңқ пен абырой символы болып саналатын Жауынгерлік Туды табыстады.

2019 жылдың қаңтарында 6636 әскери бөлімі қайта құрылып, қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығын қамтамасыз ету полкі ретінде жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы