Ұлттық парктер аумағынан мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған

2 Қараша 2021, 15:03
1168
Бөлісу:
Ұлттық парктер аумағынан мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді.

Ол ұлттық парктердің қауіпсіздігі үшін қандай шаралар іске асырылып жатқанын айтты.

Өзекті мәселе бойынша министрлік тарапынан жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда пилоттық режимде Іле Алатауында мұндай бейнекамералар орнатылған. Дегенмен барлық туристік орындарда интернет байланысы мен ұялы телефондар байланысы жеткілікті деңгейде қамтыла қойған жоқ. Мәселе біртіндеп шешіледі. Мысалы, бүгінгі таңда Шарын Ұлттық паркінде сымсыз байланыс жүйесі орнатылған, - деді Данияр Тұрғамбаев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік табиғи ұлттық парктердегі ең үлкен мәселе қоқыс қалдықтарымен күрес екенін айтты.

Бүгінгі күнге дейін 1863 рейдтік шара өткізіліп келеді. Рейдтің қорытындысы бойынша 118 құқық бұзушылық анықталды. Осы кезге дейін ұлттық парктер аумағынан жалпы салмағы 977,85 тонна қоқыс шығарылды. Осы мәселеге қатысты Әкімшілік кодексте көзделген жаза түрінің қатаңдатылуы бұл мәселені шешуге көмектеседі деген үміт бар, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы