Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде көтерілді

9 Қазан 2021, 17:14
3807
Бөлісу:
Ұлттық құрама ФИФА рейтингінде көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы Әлем чемпионатындағы өнерінен кейін футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады. 

Бұл туралы prosports.kz хабарлады. 

Мундиальдан кейін командамыз бір сатыға жоғарылады, қазір әлемде алтыншы орында тұр. Қазақстан мен Иран құрамалары орын алмастырды, ал бізден жоғары сатыда Ресей тұр.

Қазақстан Иранды ӘЧ ширек финалында жеңгеннен кейін олардан 21 ұпайға озып кетті. Ширек финалда жеңілген Ресейден 76 ұпайға қалып тұр.  

Үздік 5 құрамада да өзгерістер болды. Бразилия Испанияны артта қалдырып, көш басына шықты. Жаңа әлем чемпионы Португалия Ресейдің алдына шығып, төртінші орынға көтерілді.

Өзгелердің жаңалығы