Ұлттық экономика министрі барлығын «таза парақтан» бастайын деп отыр

4 Мамыр 2021, 11:09
1971
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі барлығын «таза парақтан» бастайын деп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында экономикалық саланы реттеудің жаңа саясаты әзірленіп жатқанын атап өтті.

Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылып жатыр. Оның ішінде мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіру, талаптарды белгілеу шарттары, реттеушілік апелляция институты, эксперименттік құқықтық режим, міндетті талаптар тізілімі, есептілік, бақылаудағы тәуекел-талдауды автоматтандыру, мемлекеттік бақылауды жетілдіру шаралары қамтылған. Бүгінгі таңда тиісті заң жобасы барлық мемлекеттік органмен келісіліп, Үкіметтің қарауына енгізілді, - деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, 2021 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспар шеңберінде 60-тан астам қолдау шарасы көзделіп отыр. 

Атап айтқанда, бизнеске жүктемені азайту, оның ішінде бірқатар салықтық жеңілдік және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету; кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін жеңілдету; сұраныстағы нарықтарға қол жеткізу; «Smart» реттеу кәсіпкерлік саласында жаңа реттеу саясатын енгізуді көздейтін заңды әзірлеу мен қабылдауды қамтитын болады, - деді министр.
Айта кетсек, Цой әлеуметтік-экономикалық нысандарға қатысты қандай шектеулер алынып тасталғанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы