Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.

 ©BAQ.KZ 25 Наурыз 2026, 14:05
25 Наурыз 2026, 14:05
828
Фото: ©BAQ.KZ

Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Наверх