Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

27 Тамыз 2021, 19:04
1410
Бөлісу:
Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік күміс және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталарды шығару Семей ядролық полигонының жабылған күнінен бастап 30 жыл толуына орайластырылған. Монеталарды сату күні туралы ақпарат ҚҰБ сайтында қосымша жарияланады. 

Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

«SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» коллекциялық монеталары туралы

Монета дизайнының тұжырымдамасы ядролық сынақтардың тарихын суреттейді. «Саңырауқұлақ» түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігі ядролық сынақтардың тарихын бейнелейді және құрбан болған адам өмірі мен шырғалаңға түскен тағдырын бейнелейтін сынық кескіндер түрінде берілген. Оң жақ бөлігі зардап шеккен табиғаттың символы ретінде құрғақ ағаштың стильдендірілген бейнесінде жасалған. Кеуіп кеткен ағаш бұтағындағы жасыл жапырақтың бейнесі – қайта өрлеу мен қылаң берген үміт белгісі.

 Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

«SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL» монеталарының сипаттамасы

925/1000 сынамалы күмістен жасалған коллекциялық монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясы қолданыла отырып, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, proof дайындау сапасымен, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5000 данада дайындалды.

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған коллекциялық монеталар массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated сапасымен, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

Монеталардың аверсінде орталық бөлігінде ою-өрнек аясында: ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра мемлекеттік тілде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және ағылшын тілінде REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазулар, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы мен салмағы, сондай-ақ металл мен оның сынамасы туралы ақпарат көрсетілген.

Монетаның реверсінде «саңырауқұлақ» түріндегі ядролық жарылыстың стильдендірілген бейнесі бар. Монетаны айналдыра SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA деген жазу, жоғарғы бөлігінде SINCE THE CLOSURE OF SEMIPALATINSK NUCLEAR TEST SIDE деген жазу, ортасында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін 30 JYL/YEARS және «1991-2021» деген жазу берілген.

Ұлттық банк Семей полигонына қатысты коллекциялық монеталар шығарады

Күмістен жасалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Номиналы 500 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемнің барлық түрі бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы