Ұлтаралық келісім мәселелері талқыланды

10 Қазан 2023, 06:12
606
Бөлісу:
Ұлтаралық келісім мәселелері талқыланды
Фото: скрин

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстанның ұлтаралық қатынастар комитеті арасында жаңартылған меморандум жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат тату көршілік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. Тараптар этносаралық және конфессияаралық байланысты бекемдеу шараларын қолға алып, бұл істе өзара ақпарат алмасатын болып келісті. Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері Ташкентте сапары аясында жергілікті қазақ мәдени орталығының басшыларымен де кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кейін Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би кесенесіне аялдады. Ал саяси, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық салалардағы әріптестік жайы Өзбекстан Олий Мәжілісі халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінде өткен жиында қаралды.

Қазақ бауырларымызбен де кездестік. Ол жерде де екі елдің байланысын дамыту мәселелері талқыланды. Жалпылай алғанда, біздің делегацияның құрамында барлық этно-мәдени бірлестік өкілдері бар. Мемлекеттік орган мүшелері бар. Қызығушылық үлкен. Қарым-қатынас тығыз. Біздің елдегі болып жатқан мәдени шараларға Өзбекстаннан делегация кеп, қатынасып жатады. Біз де Өзбекстан Республикасына келеміз, - деді ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.

Өзгелердің жаңалығы