Ұлт әдебиеті - сабақтастық құралы

20 Қазан 2020, 21:01
1923
Бөлісу:
Ұлт әдебиеті - сабақтастық құралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Ұлт әдебиеті-жастар көзімен» атты жас ақын-жазушылармен әдебиет, тіл, ұлттық мүде, патриотизм тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудегі әдебиет пен жас талантты ақын-жазушылар ролі қандай? Бесіктегі бүлдіршін мен мектептегі оқушы  ұлттық тәрбиеге қанығып өсіп келеді ме? Міне, осы маңызы жоғары ұлттық руханияттағы тіл, ой құндылығы, жастар тәрбиесіндегі әдебиет мәселері талқылады.

Елдің ертеңгі зиялылары, ел ақиқатын айта алатын жас әдебиетшілері ретінде, сіздермен ақылдасау маңызды. Жас қаламгерлер мен Үкімет арасында байланыс орнату. Санаға қанат бітіретін, балалар ойының дамуына үлес қосатын шығармалар жазуға талпындыру деп ойлаймын. Балалар тілінде сөйлей алатын, оладың санасына ұлттық дәстүрді қалыптастыра алатын шығармаларға зәруміз. Баланың тілінің өзге тілде шығуына мына өзгермелі замандағы жаңа технологияныңда кесірі бар. Сол технологиялық құрылғылардағы тәрбиелік дүниенің бәрі өзге тілде. Анномациялық дүниелер жоқтың қасы. Болған жағдайда мәні мен мағанасы қазақи санаға жетімсіз – деді Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба.

Әсіресе кітап шығару мен тарату, классификациялау, балаларға  арналған шығармалаға қойылатын талаптарды әлемдік дәрежеде саралау қажеттігінің маңыздылығы қозғалды.

Сондай-ақ, кітап тарату, сын жаныры, драматургия, балалар әдебиетін дамыту туралы нақты ұсыныстар айтылды.

Пікірталасқа қатысқан елімізге танымал жас- ақын-жазушылар «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ақын Жанарбек Әшімжан, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Ерлан Жүніс, «Балапан» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай, Ақын, аудармашы Мақпал Мыса, Жазушы, драматург, сыншы Әлібек Байбол, жас драматург, прозашы Жақсылық Мұратбек ұтымды ойларын ортаға салды.

Онлайн кездесудің қортындысы бойынша жас жазушылар ұсынған құнды ұсыныстарға орай арнайы шешім қабылданатын болды.

Өзгелердің жаңалығы