Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін

23 Қараша 2022, 07:15
1292
Бөлісу:
Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23-25 қараша аралығында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады, - деп ескертеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мен «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мынадай ескерту жариялады:

- егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;

- тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкін қаупін білдіреді;

- таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;

- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;

- рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

Өзгелердің жаңалығы