Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды

11 Қараша 2026, 18:01
АВТОР
 Ақорда 11 Қараша 2026, 18:01
11 Қараша 2026, 18:01
62
Фото: Ақорда

Үлкен Кремль сарайында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Үлкен Кремль сарайында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өз жұмысын бастады.

Саммитке мүше мемлекеттердің басшылары қатысуда. Күн тәртібінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, ұйымға мүше елдердің өзара іс-қимылын нығайту және геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұру шаралары талқыланады.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барғаны хабарланды. 

Наверх