Үлкен айсберг Атлант мұхитындағы аралға жақындап келеді

13 Желтоқсан 2020, 05:22
2246
Бөлісу:
Үлкен айсберг Атлант мұхитындағы аралға жақындап келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Джорджия аралына үлкен айсберг жақындап келеді. Айсберг – бұл аралдың жабайы табиғатына және миллиондаған пингвинге қауіп төндіруі мүмкін, деп мәлімдеді massaget.kz.

Ұлыбританияның әскери-әуе күштері 4200 шаршы шақырымдық мұз бөлігінің британдық сүңгуір аймағы болып саналатын аралға бет алған суретін жариялады. Ғалымдар айсбергтің аралмен соқтығысуы ондағы жабайы табиғатты жойып жіберуі мүмкін деп санайды.

Мұзтау Антарктида түбегіндегі мұздан 2017 жылдың шілдесінде бөлініп, 3 жылдан астам уақыт мұхитта жүзіп жүр. Оның бастапқы көлемі 6000 шаршы шақырым болған. Айсберг жыл өткен сайын еріп, одан кішігірім мұз бөліктері бөлініп, кішірейген.

Айсбергтің аралмен қашан соқтығысатыны белгісіз: бұл бірнеше күнде немесе бір аптада болуы мүмкін. Себебі мұздың жылдамдығы мұхит ағынымен бірге кейде баяулайды, кейде үдей түседі. Ағым мұзды Оңтүстік Джорджия аралынан басқа бағытқа алып кетуі де мүмкін. Алайда ол қазір аралдың оңтүстігінен 50 шақырым жерде аралға қарай жақындап келеді. Егер айсберг осылай қозғала берсе, ол сөзсіз аралмен соқтығысады, - дейді британ сарапшысы Джерейн Тарлинг.

Ғалымдар айсберг көп жыл бойы аралда қалуы мүмкін деп алаңдайды. Бұл жағдайда ол жергілікті экожүйеге қауіп төндіреді және аралда тіршілік ететін итбалықтарға, сондай-ақ 2 миллионға жуық пингвиннің өмірін қиындатады.

Үлкен айсберг Атлант мұхитындағы аралға жақындап келеді

Өзгелердің жаңалығы