Үлкен Алматы өзені арқылы көпір салынып, 220 жұмыс орны ашылды

1 Маусым 2022, 14:17
2128
Бөлісу:
Үлкен Алматы өзені арқылы көпір салынып, 220 жұмыс орны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.  

Оның айтуынша, Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Аюсай шатқалында күрделі құрылыссыз жеңіл құрылымдардан визит-орталық салынған. 5 глэмпинг, 5 кемпинг орнатылып,  ұзындығы 60 метр үлкен Алматы өзені арқылы көпір және Аюсай шатқалының айналасына соқпақтар салынып, оған қоса 2 визит-орталықтың құрылыс жұмысы басталды. Жаңа 220 жұмыс орны ашылды. Алматы тобының  ұлттық парктері бойынша туристік инфрақұрылым жасалған кезде қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау жүргізілді және шағын сәулет нысандары орнатылды. Жұмыс жалғасып тауып жатыр, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы инженерлік инфрақұрылым және процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

Министрлік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, Алматы облысының ұлттық парктеріне инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті. Қазірдің өзінде 685 км туристік маршруттар мен соқпақтар жайғастырылды, 12 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді және электр беру желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, - деді Серікқали Брекешев. 

Өзгелердің жаңалығы