Ұландықтар парашютпен секірді

6 Қазан 2023, 16:50
687
Бөлісу:
Ұландықтар парашютпен секірді
Фото: Polisia.kz

Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері “Солтүстік” әуеайлағының базасында 800 және 1200 метр биіктіктен парашютпен секірді,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Секіру жаттығулары әскери-көліктік авиацияның МИ-171 тікұшағының көмегімен жүзеге асырылды. Барлық әскери қызметшілер құрлықтағы әуе-десанттық дайындық курсынан өтіп, әдіс-тәсілдерді игерді.

Сондай-ақ әуе-десанттық кешенде жер үсті секіру дайындығының элементтерін пысықтап, парашюттерді жинап жаттықты. Бірінші болып тікұшақтан Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов секірді.

Ұландықтар парашютпен секірді

Егер өзіңізді өзгелер шынайы құрметтегенін қаласаңыз, қарамағындағыларыңыздың қиын тапсырмаларды орындау кезінде не сезінетінін сіз де сезініп көруге тиіссіз. Ұлттық ұланның барлық командирлері мен бастықтары тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де өзіне бағыныштыларға қажетті дайындық деңгейін жеке мысалмен көрсетуі керек, – деді Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы.

Ұлттық ұлан құрамында авиация бөлімі бар. Бұл – жүктерді тасымалдауға және басқа да міндеттерді орындауға арналған ұшақтар мен тікұшақтардың әртүрлі түрін қамтитын әскери-көлік авиациясы.Бұл бөлімшеде тиісті әскери атақтары бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет етеді. 

Парашютпен алғаш рет секіргендердің арасында әскери қызметші әйелдер де бар.Мысалы, аға лейтенант Анастасия Бондарева, сержант Данара Сәрсембаева және қатардағы жауынгер Айдана Омарова бір ай бойы өзге әріптестерімен бірге секіру алдындағы дайындықтан өтті.Парашютті жинастырып, көктегі және қону кезіндегі әрекеттерді үйренді.

Өзгелердің жаңалығы