Ұландықтар 8 жасар қызды құтқарып қалды

10 Желтоқсан 2021, 12:43
1226
Бөлісу:
Ұландықтар 8 жасар қызды құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 желтоқсан күні сағат 17:40 кезінде Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбаздары Тараз қаласындағы 1 шағынауданға қарасты үйдің маңынан өтіп бара жатып, 5-қабаттағы пәтердің балконынан секіргелі тұрған қыз баланы көреді.

Әскери жасақ дереу рация арқылы кезекші офицермен байланысып, №1 полиция басқармасына хабар береді. Жасақ бастығы Ерден Ауған қасындағы патрульшілер Бекзат Қуаныш пен Насыр Нұрмұхамедов қыз баланы әңгімеге тартып, уақытты соза тұрады. Ұландықтар учаскелік полиция қызметкері келген бойда пәтер иесін анықтап, оқиға орнына секіргелі тұрған қыздың анасын шақыртады.

Үй иесімен бірге пәтерге кіріп, қайғылы жағдайдың алдын алады. Кейін белгілі болғандай, анасы қызды сыртынан құлыптап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен екен. Ал қызы “мені тастап кетті” деп ойлап, қобалжығаннан терезеден секірмек болған.

Дер кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Ұлттық ұлан жауынгерлеріне әйел шексіз алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы