Украинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды

5 Наурыз 2020, 11:16
1279
Бөлісу:
Украинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Жоғарғы Радасы кезектен тыс отырысында жаңа премьер-министр болып  Денис Шмыгаль тағайындады.

Оны 291 депутаттың 261-і жақтап дауыс берді.

Денис Шмыгаль  1975 жылы 15 қазанда Львов қаласында дүниеге келген.  Львов политехникалық университетінде менеджер және инженер-экономист мамандығын алған.

2019 жылы Зеленский оны Ивано-Франковск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы етіп тағайындады. Кейіннен Шмыгаль Алена Бабактың орнына қоғамдастар мен өңірлерді дамыту министрі болды.

Украина үкіметінің жаңа құрамы:

Премьер-министрдің еуропалық және евроатлантикалық интеграция жөніндегі орынбасары - Вадим Приестайко, премьер-министрдің орынбасары - цифрлық трансформация министрі - Михаил Федеров, премьер-министрдің орынбасары - уақытша басып алынған аумақтарды реинтеграциялау министрі - Алексей Резников, қорғаныс министрі - Андрей Таран, сыртқы істер министрі - Дмитрий  Кулеба; қаржы министрі - Игорь Уманский; денсаулық сақтау министрі - Илья Еметс; қоғамдастықтар мен өңірлерді дамыту министрі - Алексей Чернышов; жастар және спорт министрі - Вадим Гутзеит; ішкі істер министрі - Арсен Аваков; әділет министрі -  Денис Малюска, инфрақұрылым министрі - Владислав Криклий, министрлер кабинетінің министрі - Олег Немчинов, әлеуметтік саясат министрі - Марина Лазебная, ардагерлер министрі - Сергей Бессараб.
Өзгелердің жаңалығы