Украинамен тең түскен Қазақстан құрамасының бас бапкері арманын айтты

1 Сәуір 2021, 09:00
2527
Бөлісу:
Украинамен тең түскен Қазақстан құрамасының бас бапкері арманын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Украинамен өткен кездесуден кейін баспасөз мәжілісінде тілшілердің сауалына жауап берді.

- Екінші таймда команда күшейгені байқалды. Сонда үзілісте не өзгерді?

- Меңінше, біздің әңгіме киім ауыстыратын бөлмеде қалуы тиіс. Иә, бірінші таймда мәселелер болды. Көбінесе, осындай екі ойын өткізгенде екіншісі ауыр соғатын. Мұндай ұзақ сапар, уақыт белдеуіндегі айырмашылық әсер етеді. Дегенмен бұл жолы екінші таймда құлшыныс болса барлығын өзгертуге болатынын байқадық. Алдымен жас футболшыларды психологиялық тұрғыдан дайындау керек. Осы бағытта жұмыстарымызды жалғастырамыз.

- Қақпашы Александр Мокин ұлттық құрама сапындағы карьерасын аяқтады деген ақпарат тарады. Бұл қаншалықты рас?

- Мокинға қатысты сондай ақпарат тарап жатыр. Біз бұл тақырыпта сөйлесетін боламыз. Сосын нақтысын білеміз. Шешімді қақпашының өзі қабылдайды. Бүгін ойнамағанының себебі бар. Өйткені Франциядан кейін әлі қалыпқа келген жоқ. Ол жөнінде өзара ақылдастық. Өзі бұл матчқа 100 пайыз толық дайын еместігін айтты. Меніңше, Покатилов өзінің қабілетін байқатты. Бізде қақпашылар арасында бәсекелестік бар. 

- Қазақстан матч бойы емес, неліктен тек гол жіберген соң ғана белсенді ойнай бастады?

- Егер қысқаша жауап беретін болсам, біздің қазір өзіндік девизіміз бар. Егер жеңіс үшін шығатын болсақ, тең нәтижеге қол жеткіземіз. Егер тең ойын десек, ештеңе бұйырмай жатады. Бәлкім, сіздің сұрақтың жауабы осында болса керек. Басында гол жібергенше, тек қақпамызды қорғаумен жүрдік. Екінші тайм біраз әлеуетімізді көрсетті. Әзірге шабуылға бейімделген бірінші нөмірмен ойнай алмайтын шығармыз. Бірақ соған тырысудамыз. 

- Қазақстан осылай агрессивно ойнаса, әлем чемпмонатына жолдама ала ала ма?

- Ол біздің арманымыз. Әрдайым армандау керек және соған қарай бой түзеу қажет. Бағытымыз қалай екенін білеміз. Қазақстан күндердің күнінде әлем чемпионатына қатысатын болады. Әзірге сол жолда ұпай жинау үшін еңбек ете береміз.

Айта кетейік, 2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының Еуропа аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Киевте Украинамен тең түсті.

Өзгелердің жаңалығы