Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс салдарынан 17 журналист қаза тапты.
Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары солай деп хабарлады.
БҰҰ дерегінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудаланған. Бұған қоса 14 медиа өкілдері жараланған.
Сонымен қатар кем дегенде жеті адам атыс кезінде қайтыс болған. Болжам бойынша, олардың бесеуі ресейлік әскердің шабуылынан қаза тапты. Тағы бес журналист ұрыс қимылдары кезінде өлген, бірақ кім шабуылдағаны белгісіз.
Сонымен бірге бір журналисті ресейлік әскерилер ұрлап әкетіп, қинаған. Кейін ол босатылғаннан соң қайтыс болғаны хабарланды.
БҰҰ қайтыс болған және жараланған журналистердің арасында кемінде бес әйел бар екенін айтады.