Украинада СССР гербі бар футболка киген адам жазаланды

28 Қазан 2019, 11:16
2247
Бөлісу:
Украинада СССР гербі бар футболка киген адам жазаланды

Алматы, BAQ.KZ. Кривой Рог қаласының соты жергілікті тұрғынды тыйым салынған "коммунистік тоталитарлық режим символикасын" киімінде пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы "Газета.Ру" басылымы жазды.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, айыпталушы СССР гербі бар футболкамен сауда орталығына барған. 

Сондай-ақ, ер адамның өз кінәсін мойындап, сотқа дейін тергеушілермен келісімге келгені айтылады. Сот оны өкілетті органға үнемі барып белгіленіп тұруға, сонымен қатар мекенжайын ауыстырғанда хабар беріп, белгілі бір уақыт аралығында Украина аумағынан шықпауға міндеттеген.

"Коммунистік және ұлтшылдық режимді айыптау" жөніндегі заң Украинада 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол советтік символикаларды уағыздауға тыйым салады және кеңестік қайраткерлердің атымен аталатын жер атауларын өзгертуді талап етеді.


Өзгелердің жаңалығы