Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

31 Наурыз 2019, 12:09
1424
Бөлісу:
Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Украинада таңғы сағат 08:00 бастап 30 мыңға жуық сайлау учакесінде ел президентін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр. Президенттікке 39 үміткер түсуде. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Украиналықтар 72 елде ашылған 101 учаскеде де дауыс бере алады.

Елдегі сайлауды бақылау үшін халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттерден екі мыңға жуық бақылаушы тіркелген.

Сайлауға бірнеше күн қалғанда ІІМ-нің қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Бүгін 135 мың құқыққорғаушы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Алдын ала сайлау рейтингінде «Слуга народа» партиясының өкілі Владимир Зеленский, қазіргі президент Петр Порошенко, «Батькивщина» партиясының басшысы Юлия Тимошенко, 2Оппозиционной платформы – За жизнь» өкілі Юрий Бойко және «Азаматтық позиция» партиясының өкілі Анатолий Гриценко көш бастап тұр.

Дауыс беру сағат 20:00 аяқталады (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 23:00).

Өзгелердің жаңалығы